Аудандық жер комиссиясының конкурстық конверттерді ашу жөніндегі №1 хаттамасы
Қарауылкелді ауылы 21.11.2025 жыл 09 сағат 59 минут
Жер комиссиясының құрамы:
Темір ауданы филиалының директоры
Нағашыбаев Ғ.Қ. - Хатшысы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы
Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамына қосымша құрам:
(ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, қажеттілікке байланысты)
Қатысқандар:
Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: Ж.И.Айсұлтан, Е.А.Аскаров, Н.А.Ахметов, А.Б.Бораш, Е.Н.Есказиев, Қ.Т.Жақасов, Н.Қ.Жұбанышев, Н.А.Жанғалиев, К.К.Калкаманов жер комиссиясы хатшысы Ғ.Нағашыбаев.
КҮН ТӘРТІБІ:
Жер комиссиясы хатшысы күн тәртібіне сәйкес, жер комиссиясының жұмыс органына, яғни «Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-не келіп түскен конкурстық өтінімдер бойынша конкурсқа қатысушылар туралы, олардың конкурстық ұсыныстарының мазмұнын жариялады (2 лот бойынша – 4 өтінім), конверттерді ашу рәсімін жасады.
Конверттерді ашу рәсімі бойынша:
Қарауылкелді ауылдық округі.
№1-лот жайылымдық 2000,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):
Ащы ауылдық округі.
№2-лот жайылымдық 2900,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):
Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Қаралған конкурстық ұсыныстар бойынша алып қосар ұсыныс пікірлеріңіз болса орындарыңыздан тұрып айтуларыңызға болады.
Жер комиссиясының мүшесі Қ.Т.Жақасов: Ащы ауылдық округіне қарасты №2 лотқа жақын туыс інім Қ.М.Жұмағазы өтінім бергендіктен мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында осы лотқа қатысудан бас тартамын, рұқсат етіңіз.
Аудандық жер комиссиясы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Жер кодексінің» 43-бабы 2-тармағы, 43-1-бабы негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа түскен конкурстық құжаттарды (конверттерді) ашу рәсімінің нәтижесінде
ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктер, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеуді, сондай-ақ жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеруді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде инвистициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап, салыстыру жұмысын бастау үшін тиісті конверттер конкурсқа жіберілсін.
Қалыс қалғандар: жоқ.
Қарсы болғандар: жоқ.
Жер комиссиясы төрағасы: Р. Обаев
Мүшелері: Ж. Айсұлтан
Е. Аскаров
Н. Ахметов
А. Бораш
Е. Есказиев
Қ. Жақасов
Н. Жұбанышев
Н. Жанғалиев
К. Калкаманов
Хатшысы: Ғ. Нағашыбаев