Байғанин аудандық мәслихатының №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- № 2 сайлау округі бойынша шығып қалған Байғанин аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну 27 тамызда басталып, 2025 жылдың 25 қыркүйегі күні жергілікті уақытпен 18.00 аяқталсын. Кандидаттарды тіркеу 27 тамызда басталып, 2025 жылдың 30 қыркүйегі күні жергілікті уақытпен 18.00 аяқталсын.
- Осы қаулыға берілген қосымшаға сәйкес 2025 жылдың 26 қазанына тағайындалған Байғанин аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын және сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Ж. Жанбырбаев
Хатшы Ж. Бакбергенов
Қарауылкелді ауылы,
2025 жылғы 27 тамыз
№10