Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсының ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ   Аудандық жер комиссиясының №6 хаттамасы

 

Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсының

ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ

 

Аудандық жер комиссиясының №6 хаттамасы

Қарауылкелді ауылы                                      09.06.2025 жыл                                       11 сағат 56 минут

Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамы:

  1. Обаев Р.М. - Төрағасы, аудан әкімінің орынбасары;
  2. Байғабылов М.Ж. - Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі;
  3. Бақдәулет М.Ғ. - «Қосарал» АӨК төрағасы;
  4. Бораш А.Б. - Ақтөбе облысының «Атамекен» ҰКП Темір ауданы филиалының директоры       
  5. Жақасов Қ.Т. - Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы;
  6. Жұбаниязов Б.Ж. - Республикалық Фитосанитарлық диагностика және болжамдар;

                                      әдістемелік орталығының аудандық филиалы директоры;

  1. Қадір Ұ.Қ. - «Жем-Сағыз» газеті ЖШС директоры;
  2. Межеш А.Қ. - Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
  3. Нұрлыбекұлы Д. - Аудандық мәслихат депутаты;
  4. Садуова Г.Т. - Аудандық ветеринариялық стансасының мал дәрігері;
  5. Сейтказин М.Б. - Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;

      Тилекова А.С.      - Хатшысы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.

 

Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамына қосымша құрам:

(ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, қажеттілікке байланысты)

  1. Жолин Б.Ж.       - Қызылбұлақ ауылдық округінің әкімі;
  2. Набиев К.Н.        - Қызылбұлақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі.

 

Қатысқандар:

Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: М.Ж.Байғабылов, М.Ғ.Бақдәулет, Қ.Т.Жақасов, Б.Ж.Жұбаниязов, Д.Нұрлыбекұлы, Г.Т.Садуова, Б.Ж.Жолин, К.Н.Набиев, жер комиссиясы хатшысы А.С.Тилекова.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Қызылбұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесінің жеңімпазын анықтау.

 

             Жер комиссиясының төрағасы Р.М.Обаев: Құрметті жер комиссиясы құрамы конкурстық ұсыныстардың конверттерін ашу рәсімін жасадық, әрі қарай өтінімдеріне байланысты конкурстық ұсыныстарын қарап, заңнамаға сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтайтын боламыз. Сөз жер комиссиясы хатшысына беріледі.

 

              Жер комиссиясы хатшысы А.С.Тилекова:

Қызылбұлақ ауылдық округі.

№6-лот жайылымдық 1900,0 га жер учаскесі бойынша өтінім тапсырушылар:

 

  1. Балмуратов Куанышбек Косакбаевич;
  2. Қазбек Ералы Нұрлыханұлы;
  3. Бакиров Улан Нурланович.

 

       Күн тәртібіне сәйкес, Байғанин аудандық жер комиссиясының хатшысы А.С.Тилекова шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Қызылбұлақ ауылдық округі бойынша №6 лотқа тапсырылған өтінімдерді жариялады. Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексерді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап салыстыруды жүзеге асырды.

 

          Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Қаралған конкурстық ұсыныстар бойынша алып қосар ұсыныс пікірлеріңіз болса орындарыңыздан тұрып айтуларыңызға болады.

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» Байғанин 43 бабының 2 тармағы, 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидасына» сәйкес, жер комиссиясы төмендегідей қорытынды ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Қызылбұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесіне қабылданған осы өтінімдер заң талаптарына сәйкес деп танылсын.

 

  1. Конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспарларды, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалау, салыстыру бойынша немесе балдары тең болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы төмендегі кестеге сәйкес жеңімпаз анықталсын.

 

 

Қызылбұлақ а/о, жер учаскесінің көлемі (га)

№

 

 

Өтінім беруші

атауы

Инвестиция көлемі

(теңге)

Балл саны

Дауыс саны

Жеңімпаз

Қолдап дауыс берген комиссия мүшелері

 

 

 

6-лот

1900,0

1

 

Балмуратов Куанышбек Косакбаевич

125 000 000

20

 

 

 

 

 

2

 

Қазбек Ералы Нұрлыханұлы

75 000 000

30

 

 

 

Жеңімпаз

 

3

Бакиров Улан Нурланович

164 010 000

20

 

 

 

 

           Қалыс қалғандар: жоқ.

           Қарсы болғандар: жоқ.             

           Жер комиссиясы төрағасы:                                                             Р. Обаев

           Мүшелері:                                                                                                   М. Байғабылов

                                                                                                                                  М. Бақдәулет

                                                                                                                     Қ. Жақасов

                                                                                                                     Б. Жұбаниязов

 

                                                                                                                     Д. Нұрлыбекұлы

                                                                                                                     Г. Садуова

                                                                                                                     Б. Жолин                                                                                                                                                                                                                                                                              

                                                                                                                     К. Набиев

  Хатшысы:                                                                                                     А. Тилекова    

 

Қоса жалғанды: Бал беру кестесі -1 бетте.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталған уақыты 12 сағат 18 минут

Дата публикации
10 июня 2025