Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсының
ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ
Аудандық жер комиссиясының №1 хаттамасы
Қарауылкелді ауылы 09.06.2025 жыл 10 сағат 57 минут
Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамы:
әдістемелік орталығының аудандық филиалы директоры;
Тилекова А.С. - Хатшысы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамына қосымша құрам:
(ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, қажеттілікке байланысты)
Қатысқандар:
Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: М.Ж.Байғабылов, М.Ғ.Бақдәулет, Қ.Т.Жақасов, Б.Ж.Жұбаниязов, Д.Нұрлыбекұлы, Г.Т.Садуова, Қ.Б.Қоңқаев, Ж.К.Булебаева, жер комиссиясы хатшысы А.С.Тилекова.
КҮН ТӘРТІБІ:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Жаңажол ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесінің жеңімпазын анықтау.
Жер комиссиясының төрағасы Р.М.Обаев: Құрметті жер комиссиясы құрамы конкурстық ұсыныстардың конверттерін ашу рәсімін жасадық, әрі қарай өтінімдеріне байланысты конкурстық ұсыныстарын қарап, заңнамаға сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтайтын боламыз. Сөз жер комиссиясы хатшысына беріледі.
Жер комиссиясы хатшысы А.С.Тилекова: №1 лотқа өтінімдер түспеді.
Жер комиссиясы төрағасы Р.М.Обаев: Жаңажол ауылдық округіне қарасты №1-лот жайылымдық 1100,0 га жер учаскесі бойынша өтінімдер келіп түспеуіне байланысты өтпеді деп танылсын.
Қалыс қалғандар: жоқ.
Қарсы болғандар: жоқ.
Жер комиссиясы төрағасы: Р. Обаев
Мүшелері: М. Байғабылов
М. Бақдәулет
Қ. Жақасов
Б. Жұбаниязов
Д. Нұрлыбекұлы
Г. Садуова
Қ. Қоңқаев
Ж. Булебаева
Хатшысы: А. Тилекова
Аяқталған уақыты 10 сағат 57 минут