Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі
әкімін сайлау қорытындысы туралы
хабарлама
2025 жылғы 13 сәуірде Байғанин ауданының Көлтабан ауылдық округі әкімінің сайлау өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Көлтабан ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Көлтабан сайлау округі
Көлтабан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 1344 азамат енгізілді, олардың 850 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 31, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есказиева Н.Н. – 541; Құлбатыр С.Т. – 273; Меделбаев Қ.С. – 5.
Есказиева Нурсая Нурбаулиевна, 1982 жылы дүниеге келген, «Байғанин орта мектебі» КММ-нің директоры, Байғанин ауданы Жарлы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған, Көлтабан ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы