Байғанин ауданы бойынша 2025 жылдың І тоқсанына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтама

Байғанин ауданы бойынша 2025 жылдың І тоқсанына

мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша

талдамалық анықтама

 

Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі өтіп кетпеуі үшін үнемі мониторинг жұмыстары жүргізіліп, әр бөлімге хабарламалар жіберіліп отырады.

         2025 жылдың І тоқсанына Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету барысында барлығы – 218 қызмет. Оның ішінде, қағаз түрінде – 5 (2,3%), Мемлекеттік корпорация арқылы – 7 (3,2%), электронды түрде – 206 (94,5%) қызметтер көрсетілді.

(ЦОН есебі бойынша барлығы – 456 қызмет. Мемлекеттік корпорация арқылы – 28 (6,1%), қағаз түрінде – 5 (1,1%), электронды түрде – 423 (92,7%) қызметтер көрсетілді.)

         Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңды себептермен яғни, толық емес құжаттар немесе қате толтырылған құжаттардың қаңтар, ақпан, наурыз айларында электронды түрде – 59 бас тартулар болды. Олар:

  • Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 48 – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, 1 - мүгедектігі бар адамдарды техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу, 1 - үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу.
  • Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі арқылы 7 - Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы беру, 2 - Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру.

Мерзімі кешіктіріліп орындалған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болған жоқ.

І тоқсан бойынша негізсіз бас тартулар болмады.

Осы тоқсан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар түспеді.

Аптасына мемлекеттік қызмет көрсетуші барлық бөлімдер арасында  қағидалар мен стандарттар бойынша түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Оның ішінде, заңдылықтардың өзгерістері мен электронды қызметтердің толық түрде қолдануға және оны қызмет алушы азаматтарға қалай оңай алынатындығы және барынша электронды түрде қызметтерді алу жолдары түсіндірілуде.

2025 жылдың І тоқсанында аудан әкімдігінің baiganin_aqparat және басқа да бөлімдер арасындағы ресми инстаграм парақшаларында және аудандық сайтта түсіндірме жұмыстары жарияланған болатын. Олар:

 

https://www.instagram.com/p/DH7pKvnNpQC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/p/DH6D9HrtdmF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/p/DH6DZJ7t5NA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/p/DHVqL-VMrmf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/p/DEMfqzKIu69/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/p/DEMfk1_IiJm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DEe2AZtom7k/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DEe139qIwiH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DEe1tjHIFaw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жүргізілу тәртібі туралы және қызметтердің электронды түрде алынуы көрсетілетіндігі түсіндірілді.

 

Аудан әкімі аппаратының

құжаттамалық бақылау және

ұйымдастыру құрылымдық

бөлімшесінің бас маманы                                                          Н.Абитов

Дата публикации
07 апреля 2025