Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат
Байғанин ауданы бойынша 49 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтер – 2573 (ЦОН форма) қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде,
- қағаз түрінде – 45 (1,7%);
- электронды – 2345 (91,1%);
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 183 (7,1%) қызметтер көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңды себептермен яғни, толық емес құжаттар немесе қате толтырылған құжаттардың 2024 жыл қорытындысы бойынша – 258 бас тартулар болды. Олар:
- Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы – 228 (ең көбісі - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызыметі).
- Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы – 18 (Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы).
- Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі арқылы – 12 (Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру).
Мерзімі кешіктіріліп орындалған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
- Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы «Спортсмен 2 разряда» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2 қызметке кешіктіру орын алып, жауапты қызметкерге (Д.Қоштанбеков) «ескерту» түріндегі жауапкершілікке алынды.
Сонымен қатар, Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінен 2 мемлекеттік көрсетілетін қызыметтерді «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» біреуі 1 күнге және екіншісі 4 күнге мерзімдері кешіктіріліп орындалып, жауапты маманға (Н.Әділбекұлы) «ескерту» түріндегі жауапкершілік алынды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат
|
№
|
Мекеме атауы
|
2024 жылдағы көрсеткен қызымет саны
|
|
1.
|
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
844
|
|
2.
|
Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
|
507
|
|
3.
|
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
|
306
|
|
4.
|
Аудандық жер қатынастары бөлімі
|
271
|
|
5.
|
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
|
207
|
|
6.
|
Аппарат военкомат (ЧС)
|
178
|
|
7.
|
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
|
147
|
|
8.
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
|
101
|
|
9.
|
Қарауылкелді ауылдық округі
|
12
|
Ақпарат үшін:
Байғанин аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелер және қызметтер атауы:
- Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі - Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру; Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік олар үшін белгілер; Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығын басқа тұлғаға беру, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін қоса алғанда, олардың тіркемелері, тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу; Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау; балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялау; балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау; ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
- Аппарат военкомат (ЧС) - Әскерге шақырудан кейінге қалдыру; Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату.
- Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі - Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту; жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау; Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу; мүгедектігі бар адамдарды техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу, қозғалуда қиындықтары бар адамдар; Мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу; мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу; мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу; үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге; Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру; Жүріп-тұруы қиын (инватакси)бірінші топтағы мүгедек адамдарды автомобильмен тасымалдау.
- Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі - Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.
- Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі - Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (селолық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту; Жол белгісін белгілеу; облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу; энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге әзірлік паспортын беру; ағаштарды кесуге рұқсат беру; тұрғын үй көмегін тағайындау; Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру; Тұрғын үй сертификаттарын беру.
- Аудандық жер қатынастары бөлімі (Ауылдық округ әкімдіктерімен бірге) - Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру; кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру; Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу; жер учаскелеріне құқықтар алу Сауда-саттықты (аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі; Жер учаскелерінің бөлінуін және бөлінбейтіндігін айқындау; бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру; жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату; жер учаскесін алуға кезекке қою; жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту; жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы.
- Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі - Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі.
- Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі - Эскизді (эскиздік жобаны) келісу; үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру; жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеуі.