Талдамалық анықтама

Талдамалық анықтама

 

«Байғанин аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-ен мемлекеттік қызметтер көрсетудің мемлекеттік тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға 4 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың 3 айында бөліммен барлығы 28 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Яғни,27 өтінім электронды түрде, 1 өтінім қағаз нысанда, оның ішінде - 1 өтінім Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді. Атап көрсетер болсақ, куәлік беру (ауыстыру, телнұсқа беру) – 8, тіркеу (қайта тіркеу, тіркеу есебінен алу, телнұсқа алу) – 18, жыл сайынғы техникалық байқау өткізу – 1,  кепілді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу, т.б.)  (Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз нысанда) – 1. 

Өтінімдер түсуіне орай, қызмет көрсету кезінде жауапты маман тарапынан және басшы тарапынан қадағаланып отырылды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ҚР қолданыстағы заңнамалары мен бөліммен көрсетілетін 4 қызметтің қағидалары мен стандарттары (қағида талаптарының тізбесі) талаптары үнемі басшылыққа алынды.

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маманмен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде талаптарға сәйкес жұмыс мерзімін, қызмет көрсету тәртібін сақтау туралы пысықталды. Үнемі басшылыққа алынатын болады.

Тұрғындар арасында бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын түсіндіру мақсатында, сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің қағаз нысандағы үлесін азайту, қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігінің @baiganin_akparat, бөлімнің @baiganin_aul_waruawiligi инстаграмм парақшаларында осы уақытқа дейін 2 рет түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілерге шығулар болды. Осы жүргізілген түсіндіру іс-шараларының нәтижесінде 1264 адам қамтылды.

             https://www.instagram.com/p/DHU-wW8IcTm/?igsh=Z3FwNzE5c3Rodmdt

               https://www.instagram.com/p/DHVqL-VMrmf/?igsh=eXV4aGptcWthYzA4

Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бірі - машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу болып табылады.               Осы ретте, алдағы болатын аудан бойынша машиналарды техникалық байқаудан өткізу тәртібі туралы тұрғындар арасында кеңінен насихаттау, түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында инстаграмм парақшаларында, сондай-ақ аудандық «Жем-Сағыз» газетіне (20.03.2025 ж. №12 (7819) санында) мақала жарияланды.

Сонымен қатар,бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, оларды көрсету тәртібі туралы ақпараттар мемлекеттік органның интернет-ресурсына жарияланып келеді. Бөлімде стандартқа сәйкес ақпараттық стенд рәсімделген. Қызмет алушылардан артық құжаттар талап етілмейді. Құжаттар топтамасы толық болмағанда қызметті ұсыну фактілері орын алған жоқ.

Есептік кезеңде өрескел заң талаптарын бұзу болып табылатын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелсіз бас тартулар орын алған жоқ. Қызметтердің көрсетілу мерзімдерін сақтамау, бұзу (уақытылы қызмет көрсетпеу/бермеу) фактілері орын алған жоқ.                           

Қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

«Байғанин аудандық кәсіпкерлік жәнеауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Дата публикации
02 апреля 2025