Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты Кенжалы ауылының көшелеріне атау беру туралы тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдастық жиналысының     ХАТТАМАСЫ

Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты Кенжалы ауылының көшелеріне атау беру туралы тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдастық жиналысының 

   ХАТТАМАСЫ

 

Қарауылкелді ауылы                                № 1                                2025 жылғы 27 наурыз                                                               

 

Өткізілген орны: Кенжалы ауылы                                                                       

Өткізілу уақыты: 10:00 (жергілікті уақыт)

Қатысқандар: Кенжалы ауылының тұрғындары - 26  адам (тізім бойынша).

 

К Ү Н  Т Ә Р Т І Б І:

 

Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты Кенжалы ауылының көшесіне атау беру туралы

 

Тыңдалды: Қарауылкелді ауылдық округі әкімі А.Ергалиев:

Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты Кенжалы ауылының көшесіне атау беру туралы қарау бойынша жиналысқа жалпы ауылдан 26 адам қатысып отыр.

 Жиналыс төрағасы: Е.Калиев  - Қарауылкелді ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы.

Жиналыс хатшысы: Т.Тойжан – Қарауылкелді ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің бас маманы

 

         Калиев Е – жергілікті қоғамдастық төрағасы:

Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты Кенжалы ауылының көшесіне атау беру туралы ауыл тұрғындарымен кездесуге келдік. Өздеріңізге белгілі, заң бойынша округ әкімдігі тарапынан 1 ай бұрын аудандық «Жем-Сағыз» газетіне қоғамдық тыңдалым өтетіндігі туралы хабарлама берілді. Сол хабарламада кездесу күні 27 наурыз, сағат 10:00-де деп белгіленген болатын. Әрі қарай сөз кезегін ауыл тұрғындарына беремін.

Қитаров Еділбек – ауыл тұрғыны:

 Құрметті жергілікті коғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары! Кенжалы ауылын Темір ауданынан алып, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округіне бергені дұрыс шешім деп ойлаймын. Кенжалы ауылында 20 шақты түтін бар. Сондықтан  ауылдағы тұрғын үйлерді бір көшеге бағындырып, сол көшеге атау беруге болады деп ойлаймын. «Жер –су атаулары» тізімі ішінен Мәңгілік Ел- қазақ елінің ұлттық идеялогиясы деген мағынадағы атауды қолдаймын.

                           

Мәшібай Қарлығаш – ауыл тұрғыны:

Бүгінгі көтеріліп отырған көшелерді қайта атау және Кенжалы ауылының атаусыз құрамдас бөлігіне «Мәңгілік ел»атауын беру жөніндегі ұсынысына қарсылығым жоқ. Толықтай келісемін.

 

Жәңгірханова Мейрамгүл – ауыл тұрғыны:

Ешқандай мәні жоқ көшелерге еліміздің, ауылымыздың дамуына үлес қосқан азаматтардың атауын беруге қарсылығым жоқ. Сондықтан бүгінгі бас қосудағы ұсынысты қолдаймын.

Е.Қалиев – Қарауылкелді ауылдық округі қоғамдастық кеңесі төрағасы:

 Құрметті бүгінгі қоғамдық тыңдауға қатысушылар! Бүгінгі жиналысқа келіп, өз пікірлеріңізді білдіргендеріңізге алғыс білдіремін. Енді жоғарыдағы айтылған ұсыныстарды дауысқа салайық.

Кенжалы ауылының көшесіне «Мәңгілік ел» атауын беру туралы ұсыныс бойынша:

«Жақтады» - 26 адам

«Қарсы» - жоқ

«Қалыс қалған» - жоқ.

         Қоғамдастық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты  Кенжалы ауылы көшесіне «Мәңгілік ел» атауы мақұлданды.

 

Жиналысқа қатысқан жергілікті қоғамдастық мүшелері айтылған ұсыныстарды бір ауыздан қолдап ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Кенжалы ауылының атауы жоқ көшесін «Мәңгілік ел» деген атаумен атау туралы ұсыныс мақұлдансын.
  2. Осы ұсыныс аудандық маслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына ұсынылсын.

        

            Жиналыс төрағасы:                                               Е.Қалиев

            Жиналыс хатшысы:                                              Т.Тойжан

 

Дата публикации
01 апреля 2025