Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Көлтабан ауылдық округі әкімінің
сайлауын өткізу кезінде дауыс беру уақыты мен орны туралы
ХАБАР
Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 18-бабының 5 тармақшасына, 38-бабының 2 тармағына сәйкес 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Көлтабан ауылдық округі әкімінің сайлауына қатысуға құқығы бар азаматтарының дауыс беруі күні сағат 07.00-ден сағат 20.00-ге дейін төмендегі мекенжайларда орналасқан сайлау учаскелерінде өтетінін хабарлайды:
|
р/с № |
Сайлау учаскесінің номері |
Сайлау учаскесінің орналасқан орны және байланыс телефондары |
|
1 |
№ 199 |
Жарлы ауылы, Ардагерлер көшесі, №2. «Байғанин орта мектебі» КММ ғимараты, телефон: 8(71345) 25-3-25 |
|
2 |
№ 200 |
Қораши ауылы, Қарабұлақ көшесі, №12, «Қарабұлақ орта мектебі» КММ ғимараты, телефон: 8 (71345) 74-8-00 |