Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі

 әкімінің сайлауын тағайындау туралы 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Байғанин  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Көлтабан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалсын.
  2. Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 6 наурыздан басталып, 2025 жылғы 18 наурызда сағат он сегізде аяқталсын.
  3. Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 23 наурызда сағат он сегізде аяқталсын.
  4. Осы қаулы аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

Төраға                                                                               Ж. Жанбырбаев

                                                    

 

Хатшы                                                                               Ж. Бакбергенов

                                                   

 

 

 

 

Қарауылкелді ауылы

2025 жылғы 5 наурыз

№3

Дата публикации
05 марта 2025