Байғанин аудандық мәслихатының «2025-2027  жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджетін бекіту туралы» 2024  жылғы 25  желтоқсандағы №219  шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Байғанин аудандық мәслихатының «2025-2027  жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджетін бекіту туралы» 2024  жылғы 25  желтоқсандағы №219  шешіміне өзгеріс енгізу туралы        

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабына сәйкес «2025-2027 жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджеті, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітуге ұсынылады:

1) кірістер – 9 485 435 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 5 248 746 мың теңге;

 салықтық емес түсімдер – 26 082 мың теңге;

 негізгі капиталды  сатудан түсетін түсімдер – 6 000 мың теңге;

 трансферттер түсімі – 4 204 607 мың теңге;

 2) шығындар – 9 821 234,8 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 59 150 мың теңге, оның ішінде:

 бюджеттік кредиттер – 110 096 мың теңге;

 бюджеттік кредиттерді өтеу – 50 946 мың теңге;

 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

 қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

 мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -394 949,8 мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 394 949,8 мың теңге, оның ішінде:

 қарыздар түсімі – 110 096 мың теңге;

 қарыздарды өтеу – 50 946 мың теңге;                                                        

 бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 335 799,8 мың теңге.».

Дата публикации
28 января 2025