Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсының
ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ
Аудандық жер комиссиясының №1 хаттамасы
Қарауылкелді ауылы 30.12.2024 жыл 10 сағат 26 минут
Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамы:
әдістемелік орталығының аудандық филиалы директоры;
Тилекова А.С. - Хатшысы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамына қосымша құрам:
(ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, қажеттілікке байланысты)
Қатысқандар:
Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: М.Ғ.Бақдәулет, Қ.Т.Жақасов, Б.Ж.Жұбаниязов, Ұ.Қ.Қадір, Д.Нұрлыбекұлы, Г.Т.Садуова, М.Б.Сейтказин, Н.А.Жанғалиев, жер комиссиясы хатшысы А.С.Тилекова.
КҮН ТӘРТІБІ:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Ащы ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесінің жеңімпазын анықтау.
Жер комиссиясының төрағасы Р.М.Обаев: Құрметті жер комиссиясы құрамы конкурстық ұсыныстардың конверттерін ашу рәсімін жасадық, әрі қарай өтінімдеріне байланысты конкурстық ұсыныстарын қарап, заңнамаға сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтайтын боламыз. Сөз жер комиссиясы хатшысына беріледі.
Жер комиссиясы хатшысы А.С.Тилекова:
Ащы ауылдық округі.
№1-лот жайылымдық 3000,0 га жер учаскесі бойынша өтінім тапсырушылар:
Күн тәртібіне сәйкес, Байғанин аудандық жер комиссиясының хатшысы А.С.Тилекова шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Ащы ауылдық округі бойынша №1 лотқа тапсырылған өтінімдерді жариялады. Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексерді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап салыстыруды жүзеге асырды.
Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Қаралған конкурстық ұсыныстар бойынша алып қосар ұсыныс пікірлеріңіз болса орындарыңыздан тұрып айтуларыңызға болады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» Байғанин 43 бабының 2 тармағы, 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидасына» сәйкес, жер комиссиясы төмендегідей қорытынды ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Ащы а/о, жер учаскесінің көлемі (га) |
№
|
Өтінім беруші атауы |
Инвестиция көлемі (теңге) |
Балл саны |
Дауыс саны |
Жеңімпаз |
Қолдап дауыс берген комиссия мүшелері
|
|
1-лот 3000,0 |
1
|
Нұрмағанбетов А.Қ. |
105 000 000 |
30 |
5 |
Жеңімпаз |
1. Қ.Жақасов, 2. Б.Жұбаниязов, 3. Ұ.Қадір, 4. Д.Нұрлыбекұлы, 5. Г.Садуова. |
|
2
|
Есказиев Е.Н. |
100 000 000 |
20
|
|
|
|
|
|
3 |
Отаров Ж.С. |
115 000 000 |
30 |
|
|
|
|
|
4 |
Куанышева Г.У. |
183 000 000 |
30 |
|
|
|
|
|
5 |
Ыбраймов Т.Ю. |
150 000 000 |
30 |
3 |
|
1. М.Бақдәулет, 2. Н.Жанғалиев, 3. М. Сейтказин. |
|
|
6 |
Жанаберген С.Ш. |
125 000 000 |
20 |
|
|
|
|
|
7 |
Қошқарбаев С.С. |
139 200 000 |
30 |
1 |
|
1. Р.Обаев. |
Қалыс қалғандар: Жоқ.
Қарсы болғандар: Жоқ.
Жер комиссиясы төрағасы: Р. Обаев
Мүшелері: М. Бақдәулет
Қ. Жақасов
Б. Жұбаниязов
Ұ. Қадір
Д. Нұрлыбекұлы
Г. Садуова
М. Сейтказин
Н. Жанғалиев
Хатшысы: А. Тилекова
Қоса жалғанды: Бал беру кестесі -1 бетте.
Жер комиссиясы төрағасы Р.М.Обаев: Жер комисиясының отырысы аяқталды. Лотқа сәйкес конкурстық ұсыныстар толығымен қаралды, бүгінгі отырыс мәселелері бойынша қосымша сұрақтарыңыз немесе алып қосар пікірлеріңіз бола ма? Жоқ болса жер комиссиясы отырысының барлық қатысушыларына рахметімізді айтамыз. Жиналыс жабық.
Аяқталған уақыты 11 сағат 43 минут