Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындысын шығару отырысындағы
КОНКУРС ҚҰЖАТТАРЫН (КОНВЕРТТЕРІН) АШУ ХАТТАМАСЫ
Аудандық жер комиссиясының конкурстық конверттерді ашу жөніндегі №1 хаттамасы
Қарауылкелді ауылы 30.12.2024 жыл 09 сағат 54 минут
Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамы:
әдістемелік орталығының аудандық филиалы директоры;
Тилекова А.С. - Хатшысы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамына қосымша құрам:
(ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, қажеттілікке байланысты)
Қатысқандар:
Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: М.Ғ.Бақдәулет, Қ.Т.Жақасов, Б.Ж.Жұбаниязов, Ұ.Қ.Қадір, Д.Нұрлыбекұлы, Г.Т.Садуова, М.Б.Сейтказин, Н.А.Жанғалиев, жер комиссиясы хатшысы А.С.Тилекова.
КҮН ТӘРТІБІ:
Аудан аумағындағы Ащы ауылдық округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жайылымдық жер учаскесін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 10-49 жылға дейінгі мерзімге конкурс арқылы жалға беру.
Жер комиссиясы хатшысы күн тәртібіне сәйкес, «Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-не түскен конкурстық өтінімдер бойынша конкурсқа қатысушылар туралы, олардың конкурстық ұсыныстарының мазмұнын жариялады (1 лот бойынша – 7 өтінім), конверттерді ашу рәсімін жасады.
Конверттерді ашу рәсімі бойынша:
Ащы ауылдық округі.
№1-лот жайылымдық 3000,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):
Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Қаралған конкурстық ұсыныстар бойынша алып қосар ұсыныс пікірлеріңіз болса орындарыңыздан тұрып айтуларыңызға болады.
Аудандық жер комиссиясы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Жер кодексінің» 43-бабы 2-тармағы, 43-1-бабы негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа түскен конкурстық құжаттарды (конверттерді) ашу рәсімінің нәтижесінде
ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктер, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеуді, сондай-ақ жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеруді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде инвистициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап, салыстыру жұмысын бастау үшін конверттер конкурсқа жіберілсін.
Қалыс қалғандар: жоқ.
Қарсы болғандар: жоқ.
Жер комиссиясы төрағасы: Р. Обаев
Мүшелері: М. Бақдәулет
Қ. Жақасов
Б. Жұбаниязов
Ұ. Қадір
Д. Нұрлыбекұлы
Г. Садуова
М. Сейтказин
Н. Жанғалиев
Хатшысы: А. Тилекова
Аяқталған уақыты 10 сағат 08 минут