Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
хабары
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы
Сартоғай ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2024 жылғы 22 желтоқсанда өткен Байғанин ауданының Сартоғай ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде
Сартоғай ауылдық округі бойынша:
Әбенов Қуандық Амандықұлы, 1990 жылы туған, Байғанин аудандық филиалы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жерге орналастырушы маманы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылының тұрғыны, Сартоғай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы