Байғанин ауданының Сартоғай ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2024 жылғы 22 желтоқсанда Байғанин Сартоғай ауылдық округінің әкімін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Байғанин ауданының Сартоғай ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Сартоғай сайлау округі
Сартоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 671 азамат енгізілді, олардың 451-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әбенов Қ. А. - 299; Қаленов Н.Ж. - 78; Меделбаев Қ.С. - 65.
Әбенов Қуандық Амандықұлы, 1990 жылы туған, Байғанин аудандық филиалы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жерге орналастырушы маманы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылының тұрғыны, Сартоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы