Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсының
ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ
Аудандық жер комиссиясының №7 хаттамасы
Қарауылкелді ауылы 09.12.2024 жыл 16 сағат 58 минут
Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамы:
әдістемелік орталығының аудандық филиалы директоры;
Тилекова А.С. - Хатшысы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамына қосымша құрам:
(ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, қажеттілікке байланысты)
Қатысқандар:
Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: М.Ж.Байғабылов, Қ.Т.Жақасов, Ұ.Қ.Қадір, А.Қ.Межеш, Д.Нұрлыбекұлы, Г.Т.Садуова, Қ.Б.Қоңқаев, Ж.К.Булебаева, жер комиссиясы хатшысы А.С.Тилекова.
КҮН ТӘРТІБІ:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Жаңажол ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесінің жеңімпазын анықтау.
Жер комиссиясының төрағасы Р.М.Обаев: Құрметті жер комиссиясы құрамы конкурстық ұсыныстардың конверттерін ашу рәсімін жасадық, әрі қарай өтінімдеріне байланысты конкурстық ұсыныстарын қарап, заңнамаға сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтайтын боламыз. Сөз жер комиссиясы хатшысына беріледі.
Осы лотқа жер комиссиясының мүшесі М.Б.Сейтказин сотқа қатысуына байланысты жер комиссиясы төрағасының рұқсатымен босатылды. (Өтініші және сот отырысынан фотосурет қоса жалғанды 2 - бетте)
Жер комиссиясы хатшысы А.С.Тилекова:
Жаңажол ауылдық округі.
№7-лот жайылымдық 5000,0 га жер учаскесі бойынша өтінім тапсырушылар:
Күн тәртібіне сәйкес, Байғанин аудандық жер комиссиясының хатшысы А.С.Тилекова шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Жаңажол ауылдық округі бойынша №7 лотқа тапсырылған өтінімдерді жариялады. Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексерді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап салыстыруды жүзеге асырды.
Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Қаралған конкурстық ұсыныстар бойынша алып қосар ұсыныс пікірлеріңіз болса орындарыңыздан тұрып айтуларыңызға болады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» Байғанин 43 бабының 2 тармағы, 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидасына» сәйкес, жер комиссиясы төмендегідей қорытынды ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Жаңажол а/о, жер учаскесінің көлемі (га) |
№
|
Өтінім беруші атауы |
Инвестиция көлемі (теңге) |
Балл саны |
Дауыс саны |
Жеңімпаз |
Қолдап дауыс берген комиссия мүшелері
|
|
7-лот 5000,0 |
1
|
Алмаганбетов Нурлан Бердимуратович |
115 000 000 |
15 |
|
Жеңімпаз |
|
|
2
|
Дауылтай Ерлан Дауылтайұлы |
2 000 000 |
1
|
|
|
|
Қалыс қалғандар: жоқ.
Қарсы болғандар: жоқ.
Жер комиссиясы төрағасы: Р. Обаев
Мүшелері: М. Байғабылов
Қ. Жақасов
Ұ. Қадір
А. Межеш
Д. Нұрлыбекұлы
Г. Садуова
Қ. Қоңқаев
Ж. Булебаева
Хатшысы: А. Тилекова
Қоса жалғанды: Бал беру кестесі -1 бетте және М. Сейтказиннің өтініші мен сот отырысынан фотосурет 2 - бетте.
Аяқталған уақыты 17 сағат 11 минут