Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсының ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ

Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсының

ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ

Аудандық жер комиссиясының №2 хаттамасы

Қарауылкелді ауылы                                      09.12.2024 жыл                                       15 сағат 17 минут

Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамы:

  1. Обаев Р.М. - Төрағасы, аудан әкімінің орынбасары;
  2. Байғабылов М.Ж. - Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі;
  3. Бақдәулет М.Ғ. - «Қосарал» АӨК төрағасы;
  4. Жақасов Қ.Т. - Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы;
  5. Жұбаниязов Б.Ж. - Республикалық Фитосанитарлық диагностика және болжамдар;

                                      әдістемелік орталығының аудандық филиалы директоры;

  1. Қадір Ұ.Қ. - «Жем-Сағыз» газеті ЖШС директоры;
  2. Межеш А.Қ. - Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
  3. Бораш А.Б. - Ақтөбе облысының «Атамекен» ҰКП Темір ауданы филиалының директоры       
  4. Нұрлыбекұлы Д. - Аудандық мәслихат депутаты;
  5. Садуова Г.Т. - Аудандық ветеринариялық стансасының мал дәрігері;
  6. Сейтказин М.Б. - Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;

      Тилекова А.С.      - Хатшысы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.

 

Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамына қосымша құрам:

(ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, қажеттілікке байланысты)

  1. Жұбаналин А.Ш. - Жарқамыс ауылдық округінің әкімі;
  2. Сейлханов Т.К. - Жарқамыс ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі.

 

Қатысқандар:

Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: М.Ж.Байғабылов, Қ.Т.Жақасов, Ұ.Қ.Қадір, Д.Нұрлыбекұлы, Г.Т.Садуова, М.Б.Сейтказин, А.Ш.Жұбаналин, Т.К.Сейлханов, жер комиссиясы хатшысы А.С.Тилекова.

КҮН ТӘРТІБІ:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Жарқамыс ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесінің жеңімпазын анықтау.

 

             Жер комиссиясының төрағасы Р.М.Обаев: Құрметті жер комиссиясы құрамы конкурстық ұсыныстардың конверттерін ашу рәсімін жасадық, әрі қарай өтінімдеріне байланысты конкурстық ұсыныстарын қарап, заңнамаға сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтайтын боламыз. Сөз жер комиссиясы хатшысына беріледі.

 

Осы лоттан жер комиссиясының мүшесі А.Қ.Межеш «ZOOM» арқылы жиналысқа қатысу үшін жер комиссиясы төрағасының рұқсатымен босатылды. (Өтініші қоса жалғанды 1 - бетте)

 

             Жер комиссиясы хатшысы А.С.Тилекова:

Жарқамыс ауылдық округі.

№2-лот жайылымдық 990,0 га жер учаскесі бойынша өтінім тапсырушылар:

 

  1. Алшагиров Малик Серикбаевич;
  2. Қожан Руслан Жанболатұлы.

 

 

       Күн тәртібіне сәйкес, Байғанин аудандық жер комиссиясының хатшысы А.С.Тилекова шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Жарқамыс ауылдық округі бойынша №2 лотқа тапсырылған өтінімдерді жариялады. Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексерді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап салыстыруды жүзеге асырды.

 

          Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Қаралған конкурстық ұсыныстар бойынша алып қосар ұсыныс пікірлеріңіз болса орындарыңыздан тұрып айтуларыңызға болады.

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» Байғанин 43 бабының 2 тармағы, 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидасына» сәйкес, жер комиссиясы төмендегідей қорытынды ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Жарқамыс ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесіне қабылданған осы өтінімдер заң талаптарына сәйкес деп танылсын.

 

  1. Конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспарларды, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалау, салыстыру бойынша немесе балдары тең болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы төмендегі кестеге сәйкес жеңімпаз анықталсын.

 

 

Жарқамыс а/о, жер учаскесінің көлемі (га)

№

 

 

Өтінім беруші

атауы

Инвестиция көлемі

(теңге)

Балл саны

Дауыс саны

Жеңімпаз

Қолдап дауыс берген комиссия мүшелері

 

 

2-лот

990,0

1

Алшагиров Малик Серикбаевич

22 000 000

 

25

 

 

 

Жеңімпаз

 

2

Қожан Руслан Жанболатұлы

4 000 000

11

 

 

 

 

           Қалыс қалғандар: жоқ.

           Қарсы болғандар: жоқ.             

           Жер комиссиясы төрағасы:                                                           Р. Обаев

           Мүшелері:                                                                                                   М. Байғабылов 

                                                                                                                    Қ. Жақасов

                                                                                                                    Ұ. Қадір

                                                                                                                    Д. Нұрлыбекұлы

                                                                                                                    Г. Садуова

 

                                                                                                                   М. Сейтказин

                                                                                                                    А. Жұбаналин

                                                                                                                    Т. Сейлханов

  Хатшысы:                                                                                      А. Тилекова                                                                                        

 

 

Қоса жалғанды: Бал беру кестесі -1 бетте.

Жер комиссиясының мүшесі А. Межештің өтініші  – 1 бетте.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталған уақыты 15 сағат 48 минут

Дата публикации
10 декабря 2024