Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындысын шығару отырысындағы КОНКУРС ҚҰЖАТТАРЫН (КОНВЕРТТЕРІН) АШУ ХАТТАМАСЫ

 Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындысын шығару отырысындағы

КОНКУРС ҚҰЖАТТАРЫН (КОНВЕРТТЕРІН) АШУ ХАТТАМАСЫ

 

        Аудандық жер комиссиясының конкурстық конверттерді ашу жөніндегі №1 хаттамасы

 

 

Қарауылкелді ауылы                                        09.12.2024 жыл                                   10 сағат 47 минут

Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамы:

  1. Обаев Р.М. - Төрағасы, аудан әкімінің орынбасары;
  2. Байғабылов М.Ж. - Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі;
  3. Бақдәулет М.Ғ. - «Қосарал» АӨК төрағасы;
  4. Жақасов Қ.Т. - Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы;
  5. Жұбаниязов Б.Ж. - Республикалық Фитосанитарлық диагностика және болжамдар;

                                      әдістемелік орталығының аудандық филиалы директоры;

  1. Қадір Ұ.Қ. - «Жем-Сағыз» газеті ЖШС директоры;
  2. Межеш А.Қ. - Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
  3. Бораш А.Б. - Ақтөбе облысының «Атамекен» ҰКП Темір ауданы филиалының директоры       
  4. Нұрлыбекұлы Д. - Аудандық мәслихат депутаты;
  5. Садуова Г.Т. - Аудандық ветеринариялық стансасының мал дәрігері;
  6. Сейтказин М.Б. - Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;

      Тилекова А.С.      - Хатшысы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.

 

Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамына қосымша құрам:

(ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, қажеттілікке байланысты)

  1. Жұбаналин А.Ш. - Жарқамыс ауылдық округінің әкімі;
  2. Сейлханов Т.К. - Жарқамыс ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі;
  3. Жанғалиев Н.А.   - Ащы ауылдық округінің әкімі;
  4. Бораш А.Т. - Ащы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі;
  5. Бітімбай С.М.  - Көлтабан ауылдық округінің әкімі;
  6. Оразалин Н.Н. - Көлтабан ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі;
  7. Қоңқаев Қ.Б. - Жаңажол ауылдық округінің әкімі;
  8. Булебаева Ж.К. - Жаңажол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі.

 

Қатысқандар:

Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: М.Ж.Байғабылов, Қ.Т.Жақасов, Ұ.Қ.Қадір, А.Қ.Межеш, Д.Нұрлыбекұлы, Г.Т.Садуова, М.Б.Сейтказин, А.Ш.Жұбаналин, Т.К.Сейлханов, Н.А.Жанғалиев, С.М.Бітімбай, Қ.Б.Қоңқаев, Ж.К.Булебаева, жер комиссиясы хатшысы А.С.Тилекова.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Аудан аумағындағы Жарқамыс, Ащы, Көлтабан, Жаңажол ауылдық округтеріне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жайылымдық жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 10-49 жылға дейінгі мерзімге конкурс арқылы жалға беру.

 

 

 

     Жер комиссиясы хатшысы күн тәртібіне сәйкес, «Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-не түскен конкурстық өтінімдер бойынша конкурсқа қатысушылар туралы, олардың конкурстық ұсыныстарының мазмұнын жариялады (7 лот бойынша – 20 өтінім), конверттерді ашу рәсімін жасады.

 

Конверттерді ашу рәсімі бойынша:

 

  1. Конверт. Мүстекенов Талғат Тұртайұлы №3 лот (Конкурсқа жіберілмейді. Себебі: конкурстық ұсынысы талапқа сай келмейді.)
  2. Конверт. Азов Талгат Абилдович №4 лот (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  3. Конверт. Алшагиров Малик Серикбаевич №2 лот (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  4. Конверт. Тоқсанбаев Алдияр Төреғалиұлы №5 лот (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  5. Конверт. Қозыбай Райыс Байдуллұлы сенімхатпен Ерман Гүлжан Төлегенқызы №3 лот (Конкурсқа жіберілмейді. Себебі: беттері тігілмеген, нөмірленбеген, талапқа сай келмейді.)
  6. Конверт. Булеков Самат Барахатұлы №4 лот (Конкурсқа жіберілмейді. Себебі: беттері тігілмеген, нөмірленбеген, талапқа сай келмейді.)
  7. Конверт. Қожан Руслан Жанболатұлы №2 лот (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  8. Конверт. Алмаганбетов Нурлан Бердимуратович №7 лот (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  9. Конверт. Жаулы Сұлтан Берікұлы №5 лот (Конкурсқа жіберілмейді. Себебі: беттері тігілмеген, нөмірленбеген, талапқа сай келмейді.)
  10. Конверт. Оразов Ержан Тулепбергенович (Конкурсқа жіберілмейді. Себебі: өтініші жоқ, лот нөмірі белгісіз, беттері тігілмеген, нөмірленбеген, талапқа сай келмейді.)
  11. Конверт. Орынбаев Ақболат Айладирович №1 лот (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  12. Конверт. Жақин Досым Ақжігітұлы №1 лот (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  13. Конверт. Дауылтай Ерлан Дауылтайұлы №7 лот (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  14. Конверт. Кылышова Балжан Аскаровна №3 лот (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  15. Конверт. Ускимбаева Айкумис №3 лот (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  16. Конверт. Жаңбырбаева Нұржамал Қылышбайқызы №4 лот. (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  17. Конверт. Куанышева Гулжанат Утеповна Сенімхатпен Өтеп Гүлжайнар Нұрлыбекқызы №4 лот (Конкурсқа жіберілмейді. Себебі: беттері тігілмеген, нөмірленбеген, талапқа сай келмейді.)
  18. Конверт. Кармысов Асылан Құралбайұлы №6 лот. (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  19. Конверт. Сембаев Оразбек Сырлыбекұлы №6 лот. (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)
  20. Конверт. Татеров Мухтар Жанбырбаевич №5 лот. (Конкурсқа жіберіледі, талапқа сай келеді.)

 

Жарқамыс ауылдық округі.

№1-лот жайылымдық 1000,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):

 

  1. Орынбаев Ақболат Айладирович;
  2. Жақин Досым Ақжігітұлы.

 

 

 

Жарқамыс ауылдық округі.       

№2-лот жайылымдық 990,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):

 

  1. Алшагиров Малик Серикбаевич;
  2. Қожан Руслан Жанболатұлы.

 

Ащы ауылдық округі.       

№3-лот жайылымдық 2000,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):

 

  1. Кылышова Балжан Аскаровна;
  2. Ускимбаева Айкумис.

 

Ащы ауылдық округі.

№4-лот жайылымдық 1990,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):

 

  1. Азов Талгат Абилдович;
  2. Жаңбырбаева Нұржамал Қылышбайқызы.

 

Көлтабан ауылдық округі.

№5-лот жайылымдық 1645,95 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):

 

  1. Тоқсанбаев Алдияр Төреғалиұлы;
  2. Татеров Мухтар Жанбырбаевич.

 

Жаңажол ауылдық округі.

№6-лот жайылымдық 1400,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):

 

  1. Кармысов Асылан Құралбайұлы;
  2. Сембаев Оразбек Сырлыбекұлы.

 

Жаңажол ауылдық округі.

№7-лот жайылымдық 5000,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):

 

  1. Алмаганбетов Нурлан Бердимуратович;
  2. Дауылтай Ерлан Дауылтайұлы.

 

          Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Қаралған конкурстық ұсыныстар бойынша алып қосар ұсыныс пікірлеріңіз болса орындарыңыздан тұрып айтуларыңызға болады.

 

Жер комиссиясының мүшесі А.Қ.Межеш: Жарқамыс ауылдық округіне қарасты №1 лотқа келіншегімнің әкесі, яғни туған қайын атам А.Орынбаев өтінім бергендіктен мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында осы лотқа қатысудан бас тартамын, рұқсат етіңіз.

 

 

 

 

Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Жарайды, өтінім берушілер арасында туыстық қатынастағы адамыңыз бар екендігі жөнінде жазбаша өтінім ұсыныңыз.

 

Аудандық жер комиссиясы, Қазақстан  Республикасының  2003 жылғы  20 маусымдағы №442 «Жер кодексінің» 43-бабы 2-тармағы, 43-1-бабы негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа түскен конкурстық құжаттарды (конверттерді) ашу рәсімінің нәтижесінде

 

ШЕШІМ ЕТТІ:

 

          Аудандық жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктер, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеуді, сондай-ақ жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеруді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде инвистициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап, салыстыру жұмысын бастау үшін конверттер конкурсқа жіберілсін.

 

           Қалыс қалғандар: жоқ.

           Қарсы болғандар: жоқ.             

           Жер комиссиясы төрағасы:                                                             Р. Обаев

           Мүшелері:                                                                                                   М. Байғабылов 

                                                                                                                    Қ. Жақасов

                                                                                                                    Ұ. Қадір

                                                                                                                    А. Межеш

                                                                                                                    Д. Нұрлыбекұлы

                                                                                                                    Г. Садуова

                                                                                                                    М. Сейтказин

                                                                                                                    А. Жұбаналин

                                                                                                                    Т. Сейлханов

                                                                                                                    Н. Жанғалиев

                                                                                                                    С. Бітімбай

                                                                                                                    Қ. Қоңқаев

                                                                                                                    Ж. Булебаева

  Хатшысы:                                                                                      А. Тилекова                                                                                        

Аяқталған уақыты 11 сағат 30 минут

 

Дата публикации
10 декабря 2024