Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды
тіркеу қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сартоғай ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Әбенов Қуандық Амандықұлы, 1990 жылы дүниеге келген, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Байғанин аудандықфилиалы, жерге орналастырушы маман, «AMANAT» партиясы» ҚБ Байғанин аудандық филиалы ұсынған.
- Қаленов Нұрәділ Жолдыбайұлы, 1986 жылы дүниеге келген, «Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Меделбаев Қуаныш Серікұлы, 1992 жылы дүниеге келген, «Байғанин аудандық әкімінің аппараты» ММ, терроризмге қарсы комиссия жұмысын жүргізу жөніндегі бас инспектор, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.