Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы 

Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Байғанин  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Сартоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 22 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 14 қарашадан басталып, 2024 жылғы 26 қарашада сағат он сегізде аяқталсын.
  3. Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 1 желтоқсанда сағат он сегізде аяқталсын.
  4. Осы қаулы аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

Төраға                                                                               Ж. Жанбырбаев

                                                    

 

Хатшы                                                                               Ж. Бакбергенов

                                                   

 

 

 

 

Қарауылкелді ауылы

2024 жылғы 13 қараша

№25

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 ноября 2024