Байғанин аудандык мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджетін бекіту туралы» шешім жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

 

Дата размещения – 28. 10.2024 ж

 

Байғанин аудандык мәслихатының  «2025-2027 жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджетін бекіту туралы» шешім жобасына

БАСПА-РЕЛИЗІ        

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағыБюджет Кодекстің 9 бабының 2 тармағына және Қазақстан  Республикасының                      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес «2025-2027 жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджеті, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітуге ұсынылады:

1) кірістер – 5 280 828 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 5 248 746 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 26 082 мың теңге;

негізгі капиталды  сатудан түсетін түсімдер – 6 000 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 0 теңге;

2) шығындар – 5 280 828 мың теңге;

  1. 2025 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу мынадай мөлшерде белгіленді:

1) төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 100 пайыз;

2) әлеуметтік салық бойынша 100 пайыз;

3) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша 100 пайыз.

  1. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі аудандық бюджет және ауылдық округтер бюджеттерінің арасында абсалюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге 2025-2027 жылдарға аудандық бюджеттен ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі – 454 070 мың теңге сәйкес бекітуге ұсынылады.

          

 

Дата публикации
28 октября 2024