Байғанин ауданының №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байғанин аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы

Байғанин ауданының №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байғанин аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының  6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байғанин аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауы жөнінде сайлау округі құрылсын:
  • Көлтабан ауылдық округінің Қораши ауылына қарасты мекендері;
  • Ащы ауылдық округіне қарасты Ноғайты елді мекені;
  • Қопа ауылдық округінің Қопа ауылына қарасты мекендері.

 

  1. Сайлау округі мен олардың шекаралары, учаскелік және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын.

 

        

 

 

Төраға                                                               Ж. Жанбырбаев

 

 

Хатшы                                                               Ж. Бакбергенов

 

 

 

 

 

 

Қарауылкелді ауылы,

2024 жылғы 11 қазан

№ 21

Дата публикации
16 октября 2024