2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Байғанин ауданы мәслихаты депутатының сайлауына байланысты Байғанин ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары
№ 200 сайлау учаскесі
Қораши ауылы, Қарабұлақ көшесі, №12, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарабұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесiнiң шекаралары: Қораши ауылы және осы елді мекенге қарасты барлық қоныстар.
№ 202 сайлау учаскесі
Ноғайты ауылы, Орталық көшесі, №9, Ноғайты ауылдық клубының ғимараты.
Сайлау учаскесiнiң шекаралары: Ноғайты ауылы, №202 разъезд және осы елді мекенге қарасты барлық қоныстар.
№ 204 сайлау учаскесі
Қопа ауылы, Ақтан көшесі, №31, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтан жырау негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесiнiң шекаралары: Қопа, Айрық ауылдары және осы елді мекенге қарасты барлық қоныстар.