№ 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байғанин аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

№ 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байғанин аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Байғанин ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байғанин аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Байғанин аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Жем-Сағыз» аудандық газетінде және Байғанин ауданы сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

 

Төраға                                                               Ж. Жаңбырбаев

 

 

Хатшы                                                               Ж. Бақбергенов

 

 

 

Қарауылкелді ауылы,

2024 жылғы 11 қазан

№ 20

Дата публикации
11 октября 2024