ХАБАР 2024 жылдың 25 тамызға тағайындалған Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қопа ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

2024 жылдың 25 тамызға тағайындалған Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қопа ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Байғанин ауданының Қопа ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Қопа ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 610 азамат енгізілді, олардың 403-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 14, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 11.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Есболаев Аралбек Қошмұханұлы - 265;

Жайылқанов Заманбек - 87;

Кандалин Куаныш Аманкелдиевич - 26.

Есболаев Аралбек Қошмұханұлы, 1973 жылы туған, директор, «Қопа орта мектебі» КММ, Қопа ауылдық округі, Ебейті ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған. Қопа ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

               

Байғанин аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 августа 2024