Байғанин аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкіміне  кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЫ

Байғанин аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкіміне

 кандидаттарды тіркеу туралы

ХАБАРЫ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қопа ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Жайылқанов Заманбек, 1998 жылы дүниеге келген, төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспектор, «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» ММ., Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  2. Кандалин Куаныш Аманкелдиевич, 1979 жылы дүниеге келген, бас маман, «Байғанин аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ., Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 3. Есболаев Аралбек Қошмұханұлы, 1973 жылы дүниеге келген, директор, «Қопа орта мектебі» КММ., Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ебейті ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Дата публикации
05 августа 2024