Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі

 әкімінің сайлауын тағайындау туралы 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Байғанин  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қопа ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 25 тамызға тағайындалсын.
  2. Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 18 шілдеден басталып, 2024 жылғы 30 шілдеде сағат он сегізде аяқталсын.
  3. Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 4 тамызда сағат он сегізде аяқталсын.
  4. Осы қаулы аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

Төраға                                                                               Ж. Жанбырбаев

                                                    

 

Хатшы                                                                               Ж. Бакбергенов

                                                   

 

 

 

 

Қарауылкелді ауылы

2024 жылғы 17 шілде

№15

Дата публикации
17 июля 2024