Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсының
ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ
Аудандық жер комиссиясының №3 хаттамасы
Қарауылкелді ауылы 03.06.2024 жыл 12 сағат 13 минут
Байғанин аудандық жер комиссиясының құрамы:
Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: К.Т.Жакасов, М.Б.Сейтказин, А.Қ.Межеш, А.А.Бултеев, М.Е.Дауылбаев, А.К.Кажимов, Б.Кенжебаева, Е.Н.Есказиев, К.М.Табынбаева, М.М.Мәжи, А.Ш.Жұбаналин, Н.М.Бурабаев, жер комиссиясы хатшысы Ғ.Қ.Нағашыбаев.
Қатысқандар:
Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: К.Т.Жакасов, М.Б.Сейтказин, А.Қ.Межеш, А.А.Бултеев, А.К.Кажимов, Б.Кенжебаева, К.М.Табынбаева, М.М.Мәжи, Н.М.Бурабаев, жер комиссиясы хатшысы Ғ.Қ.Нағашыбаев.
КҮН ТӘРТІБІ:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Жарқамыс ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесінің жеңімпазын анықтау.
Жер комиссиясының төрағасы Р.М.Обаев: Құрметті жер комиссиясы құрамы конкурстық ұсыныстардың конверттерін ашу рәсімін жасадық, әрі қарай өтінімдеріне байланысты конкурстық ұсыныстарын қарап, заңнамаға сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтайтын боламыз. Сөз жер комиссиясы хатшысына беріледі.
Жер комиссиясы хатшысы Ғ.Қ.Нағашыбаев:
Жарқамыс ауылдық округі.
№3-лот жайылымдық 1000,0 га жер учаскесі бойынша өтінім тапсырушылар:
Күн тәртібіне сәйкес, Байғанин аудандық жер комиссиясының хатшысы Ғ.Қ.Нағашыбаев шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Жарқамыс ауылдық округі бойынша №3 лотқа тапсырылған өтінімдерді жариялады, жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексерді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап салыстыруды жүзеге асырды.
Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Қаралған конкурстық ұсыныстар бойынша алып қосар ұсыныс пікірлеріңіз болса орындарыңыздан тұрып айтуларыңызға болады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» Байғанин 43 бабының 2 тармағы, 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидасына» сәйкес, жер комиссиясы төмендегідей қорытынды ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Жарқамыс а/о, жер учаскесінің көлемі (га) |
№
|
Өтінім беруші атауы |
Инвестиция көлемі (теңге) |
Балл саны |
Дауыс саны |
Жеңімпаз |
Қолдап дауыс берген комиссия мүшелері
|
|
3-лот 1000,0 |
1
|
«Қаражар-Жем» АӨК төрағасы Н.Ж.Сәмет |
59 240 000 |
30 |
|
жеңімпаз |
|
|
2
|
«Қазына» Ш/Қ басшысы Н.Т.Қожахмет |
5 000 000
|
15 |
|
|
|