Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындысын шығару отырысындағы
КОНКУРС ҚҰЖАТТАРЫН (КОНВЕРТТЕРІН) АШУ ХАТТАМАСЫ
Аудандық жер комиссиясының конкурстық конверттерді ашу жөніндегі №1 хаттамасы
Қарауылкелді ауылы 03.06.2024 жыл 10 сағат 15 минут
Байғанин аудандық жер комиссиясының құрамы:
Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: К.Т.Жакасов, М.Б.Сейтказин, А.Қ.Межеш, А.А.Бултеев, М.Е.Дауылбаев, А.К.Кажимов, Б.Кенжебаева, Е.Н.Есказиев, К.М.Табынбаева, М.М.Мәжи, А.Ж.Ергалиев, Б.Ж.Жолин, А.Ш.Жұбаналин, Н.Қ.Балмағанбет, Н.М.Бурабаев, Ж.Айдынов, жер комиссиясы хатшысы Ғ.Қ.Нағашыбаев.
Қатысқандар:
Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: К.Т.Жакасов, М.Б.Сейтказин, А.Қ.Межеш, А.А.Бултеев, А.К.Кажимов, Б.Кенжебаева, К.М.Табынбаева, М.М.Мәжи, А.Ж.Ергалиев, Н.Қ.Балмағанбет, Н.М.Бурабаев, жер комиссиясы хатшысы Ғ.Қ.Нағашыбаев.
КҮН ТӘРТІБІ:
Жер комиссиясы хатшысы күн тәртібіне сәйкес, «Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-не түскен конкурстық өтінімдер бойынша - конкурсқа қатысушылар туралы, олардың конкурстық ұсыныстарының мазмұнын жариялады (4 лот бойынша – 11 өтінім), конверттерді ашу рәсімін жасады.
Конверттерді ашу рәсімі бойынша:
Қарауылкелді ауылдық округі.
№1-лот жайылымдық 2400,0 га жер учаскесі бойынша түскен конкурстық құжаттар (конверттер) ашылды:
Қызылбұлақ ауылдық округі.
№2-лот жайылымдық 1500,0 га жер учаскесі бойынша түскен конкурстық құжаттар (конверттер) ашылды:
Жарқамыс ауылдық округі.
№3-лот жайылымдық 1000,0 га жер учаскесі бойынша түскен конкурстық құжаттар (конверттер) ашылды:
Жарқамыс ауылдық округі.
№4-лот жайылымдық 1000,0 га жер учаскесі бойынша түскен конкурстық құжаттар (конверттер) ашылды:
Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Қаралған конкурстық ұсыныстар бойынша алып қосар ұсыныс пікірлеріңіз болса орындарыңыздан тұрып айтуларыңызға болады.
Жер комиссиясының мүшесі А.К.Кажимов: Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты №1 лотқа жақын ағайыным А.Доскулов өтінім бергендіктен мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында осы лотқа қатысудан бас тартамын, рұқсат етіңіз.
Жер комиссиясының мүшесі А.Ж.Ергалиев: Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты №1 лотқа жақын туыстық қатынасы бар Р.Қозыбай өтінім бергендіктен мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында мен де осы лотқа қатыса алмаймын.
Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Жарайды, өтінім берушілер арасында туыстық қатынастағы адамдарыңыз бар екендігі жөнінде жазбаша өтінім ұсыныңыздар.
Аудандық жер комиссиясы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Жер кодексінің» 43-бабы 2-тармағы, 43-1-бабы негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа түскен конкурстық құжаттарды (конверттерді) ашу рәсімінің нәтижесінде
ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктер, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеуді, сондай-ақ жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеруді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде инвистициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап, салыстыру жұмысын бастау үшін конверттер конкурсқа жіберілсін.