ХАБАР 2024 жылдың 02 маусымға тағайындалған Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ащы, Жарқамыс және Миялы ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

2024 жылдың 02 маусымға тағайындалған Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ащы, Жарқамыс және Миялы ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындысы туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Байғанин ауданының Ащы, Жарқамыс және Миялы ауылдық округтер әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Ащы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 814 азамат енгізілді, олардың 384-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 17, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жанғалиев Нұржан Абдірұлы - 252;

Құлбатыр Сырым Тілектесұлы - 112;

Садуов Ерлан Теңелбайұлы - 1.

Жанғалиев Нұржан Абдірұлы, 1975 жылы туған, әдіскер, «Байғанин техникалық колледжі» КММ, Қарауылкелді ауылдық округі, Қарауылкелді ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған. Ащы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Жарқамыс ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1 349 азамат енгізілді, олардың 968-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 14, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жұбаналин Асылхан Шоқанұлы - 796;

Меделбаев Қуаныш Серікұлы - 80;

Сағынов Нұрлан Ақылбайұлы - 72.

Жұбаналин Асылхан Шоқанұлы, 1989 жылы туған, әкім, «Жарқамыс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Жарқамыс ауылдық округі, Жарқамыс ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған. Жарқамыс ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Миялы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 437 азамат енгізілді, олардың 331-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 1, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 1.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Есенғұлов Нұрсұлтан Бақытұлы - 23;

Қаленов Нұрәділ Жолдыбайұлы - 24;

Мәнібаев Исатай Ауданбайұлы - 282.

Мәнібаев Исатай Ауданбайұлы, 1981 жылы туған, жұмыссыз, Миялы ауылдық округі, Миялы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған. Миялы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Дата публикации
03 июня 2024