Байғанин ауданы Ащы, Жарқамыс және Миялы ауылдық округтері әкімдерін сайлауы жөнінде сайлау округтерін құру туралы

Байғанин ауданы Ащы, Жарқамыс және Миялы ауылдық округтері әкімдерін сайлауы жөнінде сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Ащы, Жарқамыс және Миялы ауылдық округтері әкімдерін сайлауы жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:

 

1) Ащы сайлау округі - Ащы ауылдық округінің аумағының шекарасында;

2) Жарқамыс сайлау округі - Жарқамыс ауылдық округінің аумағының шекарасында;

3) Миялы сайлау округі – Миялы ауылдық округінің аумағының шекарасында.

 

  1. Сайлау округтерінің шекаралары, аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

 

Төраға орынбасары                                                       Ж. Жанбырбаев

 

   

Хатшы                                                                               Ж. Бакбергенов

                                                    

 

 

 

Қарауылкелді ауылы

2024 жылғы 24 сәуір

№ 9

Дата публикации
24 апреля 2024