Байғанин ауданы Ащы, Жарқамыс және Миялы ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1), 3) тармақшаларына сәйкес Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ащы, Жарқамыс және Миялы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 02 маусымға тағайындалсын.
- Байғанин ауданы Ащы, Жарқамыс және Миялы ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 25 сәуірден басталып, 2024 жылғы 07 мамырда сағат он сегізде аяқталсын.
- Байғанин ауданы Ащы, Жарқамыс және Миялы ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 12 мамырда сағат он сегізде аяқталсын.
- Осы қаулы аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға орынбасары Ж. Жанбырбаев
Хатшы Ж. Бакбергенов
Қарауылкелді ауылы
2024 жылғы 24 сәуір
№ 8