Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 54 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын
бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардың 2 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».