«Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Байғанин ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы №128 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәcлихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Байғанин ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің Байғанин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы №128 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8511 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
04 марта 2024