2024-2026 жылдарға арналған
Сартоғай ауылдық округінің
бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1- бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6- бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 39 019 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 362 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 36 657теңге;
2) шығындар – 39 019 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:
қарыздар түсімі– 0 теңге;
қарыздарды өтеу– 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары– 0 теңге.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 3 692 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге болып белгіленгені ескерілсін.
2024-2026 жылдарға арналған Сартоғай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы шешімнің жобасы http://baiganin.aktobe.gov.kz сайтында 2023 жылы 11 желтоқсанда , e-gov ашық нормативтік –құқықтық актілер порталында 08 желтоқсан 2023 жылы орналастырылды.