ХАБАР
2023 жылдың 10 желтоқсанға тағайындалған Қарауылкелді ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қарауылкелді ауылдық округі бойынша учаскелік сайлау комиссияларының Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 7 145 азамат енгізілді, олардың 4 578-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 128, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 278.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ергалиев Азамат Жалгасович - 3 456;
Қаленов Нұрәділ Жолдыбайұлы - 409;
Меделбаев Қуаныш Серікұлы – 307.
Ергалиев Азамат Жалгасович, 1980 жылы туған, атқарушы хатшы, «AMANAT» партиясы Байғанин аудандық филиалы, Қарауылкелді ауылдық округі, Қарауылкелді ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған. Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі болып сайланды.