Байғанин аудандық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсынған Қарауылкелді ауылдық округі әкіміне кандидат Шингис Ондасинович Кулжановтың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес жазбаша арызы бойынша өз кандидатурасын алып тастағанын хабардар етеді.