Байғанин аудандық сайлау комиссиясына Қарауылкелді ауылдық округі әкіміне төрт кандидаттардан құжаттар келіп түсті. Ергалиев Азамат Жалгасович «AMANAT» партиясынан ұсынылды, Кулжанов Шингис Ондасинович, Қаленов Нұрәділ Жолдыбайұлы және Меделбаев Қуаныш Серікұлы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Кандидаттардың сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жүргізілуде.