«2023-2025 жылдарға арналған Сартоғай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №202 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 202 «2023-2025 жылдарға арналған Сартоғай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2023-2025 жылдарға арналған Сартоғай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 33 902 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 1 785 мың теңге;

 салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

 негізгі капиталды  сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

 трансферттер түсімі – 32 117 мың теңге;

 2) шығындар – 34 202 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

 бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

 бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

 қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

 мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 300,0мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 300,0  мың теңге, оның ішінде:

 қарыздар түсімі – 0 теңге;

 қарыздарды өтеу – 0 теңге;

 бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –  300,0 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
03 ноября 2023