Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің

сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Байғанин аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Күнтізбелік жоспар аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

 

 

 

 

Төраға                                                                                Қ. Аққожа

    

                                               

 

Хатшы                                                                               Ж. Бакбергенов

                                                   

 

 

 

Қарауылкелді ауылы

2023 жылғы 01 қараша

№ 23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылғы 01 қараша

№23 қаулыға

қосымша

 

2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған

Байғанин ауданы

Қарауылкелді ауылдық округі әкімін

сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

  1. Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округ әкімі сайлауын тағайындау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 01 қараша

(113-1-б. 1т. 3) тт.)

 

  1. Аудандық газетке сайлау округінің шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, олардың тізімін жариялау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2023 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей

(22-б.)

 

  1. Аудандық газетке аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2023 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

  1. Аудандық газетке учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей-2023 жылғы 16 қарашадан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

  1. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді аудандық газетке жариялау

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде

- 2023 жылғы 16 қарашадан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2023 жылғы 02 қарашада басталады және 2023 жылғы 14 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б. 5-т.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабы және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-5-б. 11-т. 2) тт.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б. 8-1) тт., 31-б.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдауға қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде

(113-4 б.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы полиция бөлімінің көші-қон қызметі қызметкерін тарта отырып аудандық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде өткізіледі.

 (113-4-б. 8-т.)

   

  1. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2023 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

Әкімдікке кандидаттар,

Саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

  1. Ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне (2023 жылғы 1 қарашаға) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

  1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2023 жылғы 02 қарашада басталады және 2023 жылғы 19 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5 б. 14-т.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны аудандық газетке жариялау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бес күннен кешіктірмей

(113-5-б. 9-т.)

 

  1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

Жергілікті атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

  1. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 19 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2023 жылғы 09 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесуі кестесін жасау және аудандық газетке жариялау

Жергілікті атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

  1. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылғы 20 қарашаға дейін

(24-б. 5-т.)

 

  1. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2023 жылғы 25 қарашадан бастап

(26-б. 1-т.)

 

  1. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 30 қарашаға дейін

(18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)

 

  1. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2023 жылғы 07 желтоқсаннан ерте емес және 09 желтоқсаннан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

  1. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

2023 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

 

  1. Дауыс беруді өткізу

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

  1. Сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8) тт., 43-б)

 

  1. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін - дереу

(43-б. 8-т.)

 

  1. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін - дереу

(113-8-б. 1-т.)

 

  1. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 13 желтоқсаннан кешіктірмей

(113-10 б. 1 т.)

 

  1. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды аудандық газетке жариялау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2023 жылғы 16 желтоқсаннан кешіктірмей

(44-б.)

 

  1. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын өз міндетін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін.

2023 жылғы 16 желтоқсаннан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
01 ноября 2023