Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі

 әкімінің сайлауын тағайындау туралы 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Байғанин  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 02 қарашадан басталып, 2023 жылғы 14 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталсын.
  3. Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2023 жылғы 19 қарашада жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталсын.
  4. Осы қаулы аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

 

 

 

Төраға                                                                                Қ. Аққожа

                                                    

 

Хатшы                                                                               Ж. Бакбергенов

                                                   

 

 

 

 

Қарауылкелді ауылы

2023 жылғы 01 қараша

№ 21

Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
01 ноября 2023