Аудан әкімдігінің 2023 жылғы 22 ақпандағы №46 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің сұраныстарына сәйкес Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

        1.Аудан әкімдігінің 2023 жылғы 22 ақпандағы №46 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» қаулысының қосымшасы осы қаулының қосымшасына  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Байғанин ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша  сұранысқа ие мамандықтар тізбесі аудан әкімінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

       3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға  жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Дата публикации
13 октября 2023