Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының сайланған
ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеу туралы
ХАБАР
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Байғанин ауданының 2023 жылғы 24 қыркүйекте ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімдерін тіркеді:
Конкаев Куанышбек Базарбаевич, 1976 жылы туған, Жаңажол ауылдық округінің әкімі, Жаңажол ауылдық округінің Оймауыт ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған. Жаңажол ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Ибраймов Нурлан Сагызгалиулы, 1966 жылы туған, Миялы ауылдық ветеринариялық пунктінің ветфельдшері, Миялы ауылдық округінің Миялы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған. Миялы ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.