2023 жылдың 24 қыркүйекке тағайындалған Жаңажол және Миялы ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Байғанин ауданының Жаңажол және Миялы ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Байғанин аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысы бойынша:
Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Конкаев Куанышбек Базарбаевич, 1976 жылы туған, әкім, Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты, Жаңажол ауылдық округі Оймауыт ауылының тұрғыны, AMANAT партиясы ұсынған. Жаңажол ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Миялы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Ибраймов Нурлан Сагызгалиулы, 1966 жылы туған, ветфельдшер, Миялы ауылдық ветеринариялық пункті, Миялы ауылдық округі Миялы ауылының тұрғыны, AMANAT партиясы ұсынған. Миялы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.