Байғанин аудандық сайлау комиссиясына Миялы ауылдық округінің әкіміне екі кандидаттан құжаттар келіп түсті. Ибраймов Нурлан Сагызгалиулы AMANAT партиясынан және Есенғұлов Нұрсұлтан Бақытұлы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Кандидаттардың сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жүргізілуде.