Байғанин ауданының Жаңажол және Миялы ауылдық округтер әкімдерін сайлауы жөнінде сайлау округтерін құру туралы
ҚАУЛЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жаңажол және Миялы ауылдық округтер әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:
- Жаңажол сайлау округі – Жаңажол сайлау округінің аумағының шекарасында.
- Миялы сайлау округі – Миялы сайлау округінің аумағының шекарасында.
- Сайлау округі мен олардың шекаралары, учаскелік және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын.
Төраға Қ. Аққожа
Хатшы Ж. Бакбергенов