Жаңажол және Миялы ауылдық округтер әкімін сайлауын тағайындау туралы

 

Байғанин ауданының Жаңажол және Миялы ауылдық округтер әкімін сайлауын тағайындау туралы 

 

ҚАУЛЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Байғанин  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Жаңажол және Миялы ауылдық округтер әкімін сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Байғанин ауданы Миялы және Жаңажол ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 17 тамызда басталып, 2023 жылғы 29 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
  3. Байғанин ауданы Жаңажол және Миялы ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 03 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
  4. Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын.

 

 

 

Төраға                                                                                Қ. Аққожа

                                                    

 

Хатшы                                                                               Ж. Бакбергенов

                                                   

Жаңажол және Миялы ауылдық округтер әкімін сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
16 августа 2023