Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

       Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Байғанин ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша
Дата публикации
10 августа 2023