«Байғанин ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Байғанин аудандық әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі №82 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Байғанин ауданының жергілікті атқарушы органдарының

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалау әдістемесін бекіту туралы» Байғанин аудандық әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі №82 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33 бабының   5 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы     № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы», «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 113 бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Байғанин ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Байғанин аудандық әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі №82 қаулысына өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Байғанин ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Жанинге жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

«Байғанин ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Байғанин аудандық әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі №82 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
06 июня 2023